Фонд Зекет

Directions

Фонд Зекет Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Фонд Зекет, Restaurant, Nur-Sultan.

19/07/2026

❤️ Әр баланың күлкісі – біздің қуанышымыз

“F-Clinic”медициналық орталығының ашылуының құрметіне орай, 25 жылдық тәжірибесі бар білікті хирург дәрігерлеріміз «Зекет және қайырымдылық» қорымен бірлесе отырып, көпбалалы, асыраушысынан айырылған және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан ұл балаларға тегін сүндеттеу рәсімін өткізді.

Бұл игі шараның басты мақсаты – қоғамдағы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, балалардың денсаулығына қамқорлық жасау. Біз үшін медицина – тек емдеу ғана емес, мейірім мен жанашырлықтың көрінісі.

Осындай қайырымды іске үлес қосқан барлық дәрігерлерімізге, «Зекет және қайырымдылық» қорына және қолдау білдірген жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Жақсылық жасаудан жалықпайық! 🤍
#Қайырымдылық #ЗекетҚоры #ТегінСүндеттеу #Мейірім Денсаулық

03/07/2026

Ақмола облысында кәсіпкерлермен зекет пен ұшырды насихаттау кездесулері өтті

«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Ақмола облысы Қорғалжын аудандарында төрт түлік малдың зекеті мен ұшырын жинау және оны мұқтаж жандарға үлестіру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен арнайы кездесулер өтті.

Кездесулердің негізгі мақсаты – зекет пен ұшырдың қоғамдағы маңызын түсіндіру, кәсіпкерлерді осы сауапты іске атсалысуға шақыру және шариғат талаптарына сай зекет беру тәртібін кеңінен насихаттау болды.

Іс-шараларға «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы және Ақмола облысы бойынша қордың өкілі арнайы қатысып, жиналған қауымға зекет пен ұшырдың рухани және әлеуметтік мәні жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, төрт түлік малдың зекетін есептеу, жинау және оны шынайы мұқтаж азаматтарға жеткізу тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қайырымдылық мәдениетін дамыту, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мұқтаж жандарға жүйелі қолдау көрсету бағытында пікір алмасу өтті.

Осындай насихаттық кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, зекет пен �

01/07/2026

Ақмола облысында кәсіпкерлермен зекет пен ұшыр мәселесі талқыланды

«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Ақмола облысы, Ерейментау ауданында кәсіпкерлермен арнайы кездесу өтті.

Жиында төрт түлік малдың зекеті мен ұшырын шариғат талаптарына сай есептеу, жинау және оны мұқтаж жандарға жеткізу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, зекет пен ұшырдың қоғамдағы рухани-әлеуметтік маңызы айтылып, кәсіпкерлер қайырымдылыққа белсенді атсалысуға шақырылды.

Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

26/06/2026

Бүгін Zeket Hub қайырымдылық орталығында «Қайырымды жұма» акциясы аясында өмірдің қиын кезеңін бастан кешіріп жатқан отбасыларға қолдау көрсетілді.

Қаржылай және азық-түлік көмегі:
🤍 денсаулығында қиындықтары бар жандарға;
🤍 асыраушысынан айырылған отбасыларға;
🤍 ауыр дертке шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға табысталды.

Әрбір игі іс – бір жүрекке үміт, бір отбасыға қуаныш сыйлайды. Жақсылық жасауға үлес қосқан барша қайырымды жандарға алғысымызды білдіреміз. Алла жасаған ізгі амалдарыңызды қабыл етсін! 🤲

24/06/2026

“Имани Жаз” жазғы сааут ашу лагерь тәрбиеленушілеріне сыйлық табысталды

Ақмола облысы, Қоянды ауылы мешітінде ұйымдастырылған жазғы “Имани Жаз” сауат ашу лагерін аяқтаған балаларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 40 балаға костюм-шалбарлар табысталып, олардың қуанышына себепкер болды.

Бұл игі шара жас буынға қамқорлық көрсетіп, олардың жүрегіне қуаныш сыйлауға бағытталды. Қайырымдылық жасап, балаларға қолдау білдірген барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

🤲 Алла Тағала жасаған игі істеріңізді қабыл етіп, отбастарыңызға береке мен молшылық нәсіп етсін!

#ИманиЖазЛагері #ҚояндыАуылыМешіті #Қайырымдылық #ЖақсылықЖаса #БалаларғаҚолдау

Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институтының ұстаздарына және қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, қаржылай қолдау б...
23/06/2026

Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институтының ұстаздарына және қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, қаржылай қолдау білдірілді.

Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға алғыс ретінде арнайы сый-құрмет жасалып, қаржылай көмек табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін институттың бітіруші түлектеріне арнап қолдан тігілген шапан мен тақия, сондай-ақ костюмдер сыйға берілген болатын.

Бұл игі бастама ұстаздар мен шәкірттерге деген құрметтің айқын көрінісі болып, білім ордасының рухани құндылықтарын дәріптеуге өз үлесін қосуда.

Zeket Hub орталығында тігін курсының түлектеріне сертификаттар мен әлеуметтік көмек берілдіҚМДБ «Зекет және қайырымдылық...
22/06/2026

Zeket Hub орталығында тігін курсының түлектеріне сертификаттар мен әлеуметтік көмек берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Zeket Hub» орталығында қыз-келіншектерге арналған кезекті тігін курсы аяқталды. Салтанатты шарада түлектерге сертификаттар табысталып, мұқтаж отбасыларға қаржылай және азық-түлік көмегі көрсетілді.

Бұл әлеуметтік жоба көпбалалы аналар мен әлеуметтік қорғалатын санаттағы азаматтарды кәсіпке баулуды мақсат етеді. Курс барысында қатысушылар тігін өнері мен киім үлгілеудің негіздерін тегін меңгеріп шықты. Шара аясында білім алған жандарға қолдау көрсету және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қосымша көмек түрлері де ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі нәтижелері мен көмек түрлері:

Кәсіби біліктілік: Курсты сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.

Қаржылай қолдау: Түлектер мен мұқтаж отбасыларға материалдық демеу ретінде қаржылай көмек үлестірілді.

Азық-түлік себеттері: Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға ең қажетті өнімдерден тұратын азық-түлік жиынтықтары таратылды.

Жиналыс барысында қор өкілдері ізгілік амалдарының маңыздылығына тоқталып, түлектердің алдағы уақытта өз кәсіптерін бастауына тілектестік білдірді. Өз кезегінде қатысушылар көрсетілген жан-жақты көмек пен білім алу мүмкіндігі үшін ұйымдастырушылар мен демеушілерге үлкен алғыстарын жеткізді.

18/06/2026

«МАМАНДЫҚТАР МЕКТЕБІ»: ПРИГОРОДТА БАЛАНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ 🎒✨

«Зекет және қайырымдылық» қорының екі жыл бұрын бастау алған «Мамандықтар мектебі» әлеуметтік жобасы биыл да Астана қаласына іргелес Пригород елдімекенінде өз жұмысын сәтті жалғастыруда. Балаларға арналған жазғы оқыту орталығы биыл екінші жыл қатарынан жеткіншектердің жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

Орталықта балалардың танымдық, шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында келесі бағыттар бойынша үйірмелер ұйымдастырылуда:

Тіл үйрену және өнер: Қысқа мерзімді ағылшын тілі курсы мен ұлттық өнерді дәріптейтін домбыра үйірмесі.

Спорт және салауаттылық: Жасөспірімдердің физикалық белсенділігін арттыруға арналған спорттық секциялар.

Қолөнер мен заманауи дизайн: Қыздар мен ұлдарға арналған тігін ісі, этно-дизайн бағыттары және заманауи DTF пен шелкография (мата бетіне сурет басу) технологиялары.

Техникалық кәсіп негіздері: Болашақ жас шеберлерге арналған жиһаз жасау және дәнекерлеу (сварка) ісінің алғашқы әліппесі.

Бұл жоба — балалардың жазғы уақытын бос өткізбей, болашақ мамандығына алғашқы бағыт-бағдар алуына және ру�

16/06/2026

📚✨ Құрмет көрсету – білімге көрсетілген құрмет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи ислам институтының бітіруші түлектеріне «Зекет және қайырымдылық» қоры тарапынан шапан, тақия және костюм-шалбар сыйға тартылды.

Бұл игі бастама – діни білім алып, ел игілігі жолында қызмет етуге қадам басқан жас мамандарға көрсетілген құрмет пен қолдаудың жарқын көрінісі. Түлектерге жасалған сыйлықтар олардың алдағы қызметіне серпін беріп, жауапкершілігін арттыра түсетіні сөзсіз.

Алла Тағала білім жолындағы еңбектерін берекелі етіп, ел мен дінге қызмет ететін білікті мамандар қатарынан болуды нәсіп етсін!

🤲 «Зекет және қайырымдылық» қорының қайырымды ісіне алғыс білдіреміз.
Түлектерге ақ жол, жемісті қызмет және мол табыс тілейміз!

#ХусамуддинӘсСығанақи #ИсламИнституты #ЗекетҚоры #Қайырымдылық #Түлектер ДіниБілім ҚМДБ

Address

Nur-Sultan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Фонд Зекет posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category