03/09/2020
Сүйек сорпасын қолдану әлемдік трендке айналуда. Мамандар бұл ерекше тағамды бұлщық еттері әлсіз, сүйектері сынғыш ауруларға, балалар мен жүкті әйелдерге ұсынады. (Түріктің Sabah газеті - Tengrinews.kz).
Ұзақ қайнатылып дайындалған сүйек сорпасы жиі қолданылса ағзаны тазартып, дәрумендер мен минералдарға қанықтырады.
"Америкада әр үш адамның біреуінің қолынан сүйек сорпасын көруге болса", бұл ас ғасырлар бойы қазағымның күнделікті қолданыстағы тағамы болып келе жатыр. Бірақ, соңғы кездері шетелдік асхананың үздік тағамдарының нарықты жаппай жаулап алуы, көшеден тамақтану үрдісінің белең алып бара жатуымен байланысты, үй жағдайында ет қайнатып, сорпа ішу - қарияларымыздың қалауы болғанымен, жас ұрпақ үшін бұл ұмыт болып бара жатыр...
Біздің Qazaq Fastfood Bauyrdaq-та сіздерге өзіңізбен бірге ала кетуге ірі қара малдың сүйегінен әзірленген құнарлы, минералдар мен дәрумендерге бай сорпа қайнатылған құртпен бірге ұсынылады.
Сүйек сорпасы антиоксиданттық қасиетке ие, ұйқысыздық, шаршау сияқты жағымсыз сезімдерден арылтады. Жүйке жүйесін зақымдайтын токсиндерден ағзаны тазартады. Сорпа аминқышқылдарына да бай, тері ұлпаларын қорғап, мидың қартаюының алдын алады.
Бұлшық ет ұлпаларын нығайтып, ас қорыту жүйесінің қызметін де жақсартады.
Біздің асханамыздан Сіз тек денсаулыққа пайдалы, нәрлі, құнарлы табиғи тағамдарды ғана таба аласыз, әрі ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін өнімдерді күнделікті қолданыста тұтыну мүмкін екендігіне көз жеткізесіз!!!